menu
public-image

Жария оферта

Бұл Жария шарт 01.02.2023 ж. № ПД 02-01/23 Сенімхаттың негізінде әрекет ететін Қаржы директоры Тельман Баглан мырзаның тұлғасындағы (бұдан әрі мәтін бойынша – Орындаушы) «ПРО ДЕНЬГИ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің БСН 170940022175 ресми ұсынысы (жария офертасы) болып табылады.

«ПРО ДЕНЬГИ» ЖШС осы Жария шартты (бұдан әрі мәтін бойынша – Шарт) Шартта көрсетілген талаптарда электрондық ақылы қызметтерді көрсетуге байланысты кез келген ниет білдірушімен жасасуды ұсынады.

Осы Шарт Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне (бұдан әрі мәтін бойынша – ҚР МК) сәйкес оферталық шарт болып табылады, оның талаптарын толық және сөзсіз қабылдау (акцепт) Тіркелген пайдаланушының конклюденттік әрекеттерді жүзеге асыруы – prodengi.kz веб-сайтта ЭЦҚ кілтімен қол қою болып саналады.

Жоғарыда баяндалғанға байланысты осы Шарттың мәтінін мұқият оқып шығыңыз. Егер Сіз Шарттың қандай да бір тармағымен келіспесеңіз, Орындаушы Сізге осы Шартты жасасудан бас тартуды ұсынады.

ШАРТТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҰҒЫМДАР МЕН ТЕРМИНДЕР

Орындаушы«ПРО ДЕНЬГИ» ЖШС.

Пайдаланушы – Сайтта орналасқан ақпаратты пайдаланатын, бірақ онда тіркелмеген тұлға.

Тіркелген пайдаланушы – Сайтта орналасқан ақпаратты пайдаланатын және онда тіркелген тұлға.

Тапсырыс беруші – осы Шарттың Акцептін жүзеге асырған Тіркелген пайдаланушы.

Сайт – www.prodengi.kz интернет-ресурсында орналасқан Орындаушының веб-сайты, яғни, бірегей желілік мекенжайы және (немесе) домендік атауы бар және Интернет желісінде жұмыс жасайтын аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылатын, мәтіндік, графикалық, аудиовизуалды немесе басқа түрде көрсетілетін, Орындаушының электрондық ақпараттық ресурсы.

Оферта – Орындаушының Сайтында жарияланған Дербес Кредиттік Есепті және Дербес Кредиттік Рейтингті алу бойынша қызметтер көрсету туралы осы «Жария шарт».

Қызметтер – мынадай сипаттағы қызметтер: осы Шарттың талаптарына сәйкес Тапсырыс берушінің Қызметтерді сатып алуына байланысты ақпараттық технологияларды қолдана отырып, өтініш жасаған кез келген кәмелетке толған әрекетке қабілетті жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкіліне Қазақстан Республикасының аумағында ұсынылатын ақпараттық, интерактивті қызметтер.

Тапсырыс – осы Шарттың талаптарына сәйкес рәсімделген қызметтерді сатып алуға немесе пайдалануға арналған өтінім.

Акцепт – Тіркелген пайдаланушының жауабы немесе Тіркелген пайдаланушының Орындаушының Сайтында «Мен Жария шарттың талаптарын қабылдаймын» деген бағанға белгі қою арқылы осы Шартта айқындалған, оның барлық талаптарының толық және сөзсіз қабылданғанын куәландыратын іс-әрекеттерді жасауы және осы Шарт бойынша қызметтерге Тапсырыс беруші болып табылатынның осы Шарттың қызметтеріне ақы төлеу жөніндегі міндеттемені орындауы.

Прейскурант – Орындаушының Сайтында жарияланатын Орындаушы көрсететін қызметтердің бағалары көрсетілген қолданыстағы жүйеленген тізбесі.

Тараптар – Орындаушы және Тіркелген пайдаланушы/Тапсырыс беруші бірлесіп Шарттың Тараптары болып табылады. Дербес деректер – Шартта регламенттелген, белгілі бір жеке немесе заңды тұлғаға қатысты, электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тіркелген мәліметтер.

Дербес деректерді жинау – Дербес деректерді алуға бағытталған іс-әрекеттер; Дербес деректерді өңдеу – Дербес деректерді жинақтауға, сақтауға, өзгертуге, толықтыруға, пайдалануға, таратуға, иесіздендіруге, бұғаттауға және жоюға бағытталған іс-әрекеттер.

1.ШАРТТЫҢ МӘНІ

1.1. Орындаушы Тапсырысқа сәйкес қызмет көрсетуге міндеттенеді, ал Тіркелген пайдаланушы /Тапсырыс беруші Тапсырысты рәсімдеуге, сондай-ақ таңдалған өнімге сәйкес Қызметтердің құнын төлеуге міндеттенеді. Тіркелген пайдаланушы/Тапсырыс беруші осы Шарт бойынша Қызмет үшін ақы төлеу фактісі осы Шарт бойынша талаптарды қабылдау фактісін растайды.

1.2. Шарт бойынша Қызмет көрсетуге құқықтар Орындаушының бағдарламалық-техникалық құралдарының деректері бойынша айқындалатын Тіркелген пайдаланушы/Тапсырыс беруші Шарт бойынша тиісті Тапсырысты орындаған және Қызметтерге ақы төлеген сәттен бастап беріледі.

1.3. Акцепт жасау тәртібі. Тіркелген пайдаланушы/Тапсырыс беруші Тапсырысты рәсімдеу бойынша төменде көрсетілген барлық әрекеттерді жасаған сәттен бастап соңғысы Орындаушының ұсынысын қабылдаған және мақұлдаған болып есептеледі:

1.3.1. Пайдаланушыны осы Шартта көрсетілген Орындаушының Сайтында тіркеу;

1.3.2. Тіркелген пайдаланушының осы Шартты (Акцептті) қабылдағанын көрсететін конклюденттік іс-әрекеттер жасауы, атап айтқанда Шарттың қабылданғанын куәландыратын Сайт бетінің тиісті өрісінде ЭЦҚ кілтімен қол қоюы;

1.3.3. Тіркелген пайдаланушының рәсімделген Тапсырысы бойынша Шартта көрсетілген тәртіппен және шарттарда Қызмет үшін ақы төлеуі;

1.4. Жоғарыда сипатталған тармақтарда Тіркелген пайдаланушы Акцепт жасаған кезде:
– Тіркелген пайдаланушының мәртебесі осы Шарт бойынша Тапсырыс берушінің мәртебесіне өзгерді;
– Тапсырыс беруші осы Шарттың барлық талаптарымен танысты, келіседі және қабылдады;
– Орындаушы Акцептті алды;
– Шарт жасалды, екіжақты қол қоюды талап етпейді, электрондық түрде жарамды;
– Осы Шартты жасасу жазбаша нысанда жасасқан Шартқа теңестіріледі.

1.5. Орындаушы қызметтің үздіксіз көрсетілуі және дәлсіздіктер, қателер немесе ақаулар болмауы үшін барлық ақылға қонымды шараларды қабылдайды, бірақ Орындаушы техникалық ақауларға, электр қуатын берудегі ақауларға немесе Орындаушының бақылауынан тыс басқа да техникалық мәселелерге байланысты кепілдік бере алмайды.

1.5.1. Орындаушының Интернет желісіндегі Бағдарламалық қамтамасыз ету мен деректер базасын қолдау жөніндегі міндеттеріне Орындаушының Интернет желісіне қол жеткізуі кірмейді. Пайдаланушы Интернет желісіне өзінің қол жеткізуін жеке өзі қамтамасыз етеді.

1.5.2. Сайт уақытша, ішінара немесе толық қолжетімсіз болуы мүмкін, және сәйкесінше, Қызметтерді көрсету профилактикалық немесе өзге де жұмыстарды жүргізу себебінен, сондай-ақ техникалық сипаттағы кез келген басқа себептер бойынша уақытша, ішінара немесе толық тоқтатылуы мүмкін. Орындаушы Пайдаланушыларды алдын ала хабардар ете отырып немесе онсыз қажетті профилактикалық немесе өзге де жұмыстарды кезең-кезеңімен жүргізуге құқылы.

1.5.3. Орындаушының Сайтын пайдаланған кезде Тапсырыс берушіге сервер ресурстарына және Орындаушының ақпаратына, басқа Тапсырыс берушілердің дербес есептік және өзге де деректеріне, сондай-ақ Интернет желісі және Орындаушының сервері арқылы қолжетімді кез келген басқа деректерге рұқсатсыз қол жеткізуге бағытталған кез келген әрекеттерге тыйым салынады.

2.ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ШАРТТАРЫ

2.1. Тапсырыс беруші Қызмет көрсету шарттары мен Тапсырыс беруші Шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерді, оның ішінде Сайтты пайдалану ережелерін орындауы тиіс.

Сайтты пайдалану ережелері:
– Орындаушының Сайтында тіркелген кезде Пайдаланушы деректер дұрыс енгізуі тиіс, сондай-ақ Пайдаланушы олардың дұрыстығы үшін дербес жауапты болады;
– Пайдаланушы тіркелу кезінде және құпия сөзді енгізу кезінде өз құпиясөзінің сақталуы мен құпиялылығы үшін жауапты болады;
– Тапсырыс беруші Сайтты және (немесе) Орындаушының қызметтерін пайдалануды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды мақсаттар үшін және заңды тәсілдермен ғана жүзеге асыруға тиіс.
– Тапсырыс беруші Орындаушы енгізетін шарт талаптарындағы өзгерістерді дербес бақылайды.

2.2. Орындаушы Тапсырыс берушінің Тапсырысы бойынша Қызмет көрсетуді оны орындау сәтінде тікелей немесе жанама кепілдіктерсіз қол жетімді түрде көрсетеді. Қызмет көрсетудің түрлерін, ерекшеліктерін, негізгі қасиеттерін, көлемін, санын және (немесе) жиынтығын, көрсету мерзімін және өзге де шарттарын, сондай-ақ оларды ұсыну форматын Орындаушы айқындайды. Тапсырыс беруші Қызметті барлық тәуекелдер мен салдарларды толық қабылдау шартында өз еркімен (өз таңдауы бойынша) алады. Орындаушының Сайтын пайдаланған кезде Орындаушы көрсетілген қызметтің Тапсырыс берушінің күтулеріне сәйкес келмегені үшін жауапты болмайды.

2.3. Қызмет көрсету (сатып алу) шарттары. Тіркелген пайдаланушы Тапсырысты тізімделген нұсқаулар негізінде береді:

2.3.1. бір реттік Қызмет Тапсырыс берушінің Тапсырысы бойынша бір Қызметті немесе бір рет көрсетілетін Қызметтерді көрсетуді білдіреді;

2.3.2. тұрақты қызмет, яғни тұрақты (үздіксіз) негізде және (немесе) ұзақ уақыт бойы көрсетілетін Қызмет және (немесе) белгілі бір белгімен біріктірілген Қызметтер жиынтығы;

2.3.3. бірнеше Қызмет, яғни тұрақты емес, тек Тіркелген пайдаланушыда/Тапсырыс берушіде оның Тапсырысы бойынша қажеттілік туындаған кезде ғана көрсетілетін қызмет.

2.4. Шартты орындау аясында Тіркелген пайдаланушы/Тапсырыс беруші шексіз Тапсырыстарды рәсімдей алады. Бұл ретте белгілі бір Тапсырысты ішінара орындау (Қызмет көрсету) Тапсырыстың қалған талаптары бойынша Шарттың қолданылуын тоқтатпайды.

3.ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ БАҒАСЫ, МЕРЗІМІ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ

3.1. Тіркелген пайдаланушы осы Шарт бойынша көрсетілетін Қызметтерге ақы төлеуді Тапсырыс рәсімделген күннен бастап 1 (бір) сағат ішінде 100% (Жүз пайыз) алдын ала төлем шарттарында немесе Төлем шотын алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Қызметтердің құны қосылған құн салығын қамтымайды.

3.2. Осы Шартпен Тараптар Тіркелген пайдаланушының тиісті Тапсырысты төлеу жөніндегі міндеттемені орындамауы немесе тиісінше орындамауы Орындаушыны осындай Тапсырысты орындаудан босататынын, яғни Тапсырысты Тіркелген пайдаланушы рәсімдемеген және Орындаушы алмаған және тиісінше орындауға қабылданбаған болып есептелетімен келісті.

3.3. Тапсырыс беруші осы Шарт бойынша қызметтер үшін ақы төлеуді Орындаушы Сайтта – «Тапсырысты рәсімдеу» бөлімінде ұсынған төменде таңдалған тәсілдердің кез келгені қолма-қол ақшасыз тәртіппен жүзеге асырады:

– қолма-қол ақшасыз төлем тапсырмасымен (заңды тұлғалар үшін);

– карточка бойынша (жеке тұлғалар үшін).

3.3.1. Осы Шарт бойынша көрсетілетін қызметтердің Прейскурантын Орындаушы дербес белгілейді және Орындаушының Сайтында және/немесе Орындаушының және/немесе үшінші тұлғалардың кеңселерінде орналастыру арқылы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де тәсілмен Пайдаланушыны/Тіркелген пайдаланушыны хабардар етеді.

3.4. Қызметтердің құны – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңгемен белгіленеді. Осы Шарт бойынша қызметтер үшін барлық төлемдер – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңгемен жүзеге асырылады.

3.5. Қызметтерге ақы төлеу күні (Тапсырыс берушінің ақшалай қаражатты аударуы) Орындаушының шотына ақшалай қаражаттың түскен күні болып есептеледі.

3.6. «PAYBOX.money» ЖШС комиссиясын Тапсырыс беруші тікелей серіктеске төлейді.

4.КӨРСЕТІЛГЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ-БЕРУ

4.1. Осы Шарт бойынша қызметтерді қабылдау-беру тиісті Тапсырыс бойынша жеткізушіден қызметті алған сәттен бастап 1 (бір) сағаттан кешіктірілмей жасалады.

4.2. Осы Шарт бойынша Қызметтерді қабылдау-беру Қызметті prodengi.kz Сайтында қабылдау сәтінде жүзеге асырылады.

4.3. Орындаушының бағдарламалық-техникалық құралдарының деректері бойынша айқындалатын тиісті Тапсырыстың орындалған күн тиісті Тапсырыс бойынша Қызметтер көрсетілген күні болып табылады.

5.ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУҒА, ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ БЕРУ

5.1. Шартта айқындалған тәртіппен Тіркелген пайдаланушы Акцепт жасаған кезде Дербес Деректерді Жинауға, Өңдеуге байланысты қатынастарды регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Тіркелген пайдаланушы Орындаушыға және Үшінші тұлғаларға Орындаушымен бұрыннан бар немесе туындайтын немесе болашақта туындайтын кез келген азаматтық-құқықтық және (немесе) өзге де құқықтық қатынастарға байланысты, бұдан әрі – Тапсырыс берушінің Дербес деректерін Орындаушының қалауы бойынша, Шартта және оның ішінде жалпыға қолжетімді дереккөздерде регламенттелген мақсаттарда, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәсілдермен Тіркелген пайдаланушының дербес деректерін жинауға, өңдеуге, трансшекаралық беруге (қажет болған жағдайда) сөзсіз келісімін береді.

5.2. Тапсырыс берушінің Дербес деректері ретінде Тараптар Тапсырыс берушіге қатысты мынадай мәліметтерді, сондай-ақ оларда болашақта болып жатқан электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тіркелген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, соның ішінде, бірақ олармен шектелмей: тегін, атын, әкесінің атын, ЖСН, туған күнін, жұмыс орнын және лауазымын, пошталық мекенжайын (тұрғылықты мекенжайын, тіркелген (тіркелімдегі) мекенжайын), үй, жұмыс, ұялы телефон нөмірін, электрондық пошта мекенжайын айқындады.

5.3. Тапсырыс берушінің Дербес деректерін жинауды, өңдеуді және трансшекаралық беруді (қажет болған жағдайда) Орындаушы мынадай мақсаттар үшін, соның ішінде, бірақ онымен шектелмей жүзеге асырады:– Шартты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен Орындаушыға жүктелген құқықтар мен міндеттерді тиісінше орындау үшін;– Орындаушының құқықтарын сот және соттан тыс қорғау үшін: осы Шарт бойынша міндеттемелер бұзылған жағдайда; үшінші тұлғалармен даулы жағдайларды қоса алғанда, даулы жағдайлар туындаған жағдайда;– Қызмет сапасын жақсартуға бағытталған зерттеулерді жүргізу үшін;– маркетингтік бағдарламаларды, статистикалық зерттеулерді жүргізу үшін, сондай-ақ Тапсырыс берушімен әр түрлі байланыс құралдарының көмегімен, соның ішінде, бірақ олармен шектелмей: пошта, электрондық пошта, телефон және (немесе) факсимильді байланыс, Интернет желісі және т. б. тікелей байланыс орнату арқылы Қызметтерді ілгерілету үшін.

5.4. Тапсырыс беруші Орындаушыға ашық байланыс арналары арқылы Дербес деректерді ұсына отырып, оларды өзге тұлғалардың рұқсатсыз алу тәуекелін және соған байланысты салдарларды түсінеді және өзіне қабылдайды. Орындаушы Дербес деректерді ашық байланыс арналарымен берген кезде өзге тұлғалар рұқсатсыз алғаны үшін жауапты болмайды.

5.5. Тапсырыс берушінің осы бөлімде регламенттелген Дербес деректерді Жинауға, Өңдеуге және трансшекаралық беруге (қажет болған жағдайда) келісімі Қазақстан Республикасының заңнамасында регламенттелген жағдайларда, осы Келісімді кері қайтарып алу күніне дейін кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн мерзімде Орындаушыға табысталатын жазбаша нысанда рәсімделген тиісті өтініштің негізінде кері қайтарып алынуы мүмкін. Бұл ретте, егер кері қайтарып алу Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін жағдайларда немесе Тапсырыс берушінің Орындаушының алдында орындамаған міндеттемелері кезінде осы Келісімді кері қайтарып алуға болмайтыны туралы Пайдаланушыға мәлім.

6.ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

6.1. Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін Тараптар осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

6.2. Тапсырыс берушінің Аккаунтын және (немесе) құпия сөзін рұқсатсыз пайдаланған кезде соңғысы бұл туралы Орындаушыны дереу хабардар етуге міндеттенеді. Орындаушы өзінің Аккаунтын және (немесе) құпия сөзін рұқсатсыз пайдалануға байланысты Тапсырыс берушіге келтірілген кез келген залал үшін жауапты болмайды.

6.3. Орындаушы міндеттемелерді орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған жағдайда, Тапсырыс беруші әрбір осындай жағдай үшін орындауды кешіктірген әрбір жұмыс күні үшін тиісті Тапсырыс бойынша осы Шарт бойынша қызметтер құнының 0,1 % (оннан бір пайызы) мөлшерінде тұрақсыздық айыбының төленуін талап етуге құқылы.

6.4. Тіркелген пайдаланушы/Тапсырыс беруші міндеттемелерді орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған жағдайда Орындаушы орындауды кешіктірген әрбір жұмыс күні үшін тиісті Тапсырыс бойынша қызметтер құнының 0,1 % (оннан бір пайызы) мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлеуді талап етуге құқылы.

6.5. Тараптар Тараптың міндеттемелерді орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған әрбір жағдайы үшін есептелген тұрақсыздық айыбының мөлшері тиісті Тапсырыс бойынша көрсетілетін қызметтер құнының 10 % (он пайызынан) аспауы тиіс деп келісті.

7.ФОРС-МАЖОР

7.1. Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерді ішінара немесе толық орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер мұндай орындамау еңсерілмейтін күш (форс-мажор) мән-жайларының, атап айтқанда: табиғи және дүлей құбылыстардың, әскери іс-қимылдардың, блокадалардың, террористік іс-қимылдардың, мемлекеттік билік және басқару органдарының іс-әрекеттерінің салдары болып табылса, егер бұл мән-жайлар тікелей осы Шарттың орындалуына әсер етсе жауаптылықтан босатылады. Бұл ретте міндеттемелерді орындау мерзімі еңсерілмейтін күш мән-жайларының бүкіл қолданылу кезеңіне кейінге қалдырылады.

7.2. Еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдарынан осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мүмкінсіздігі туындаған Тарап екінші Тарапқа осы мән-жайлардың басталуы мен сипаты туралы, бірақ олар басталған сәттен бастап 1 (бір) айдан кешіктірмей жазбаша нысанда хабарлауы тиіс.

7.3. Хабарламада мән-жайлардың басталуы мен сипаты және олардың ықтимал салдары туралы деректер, мүмкіндігінше, Тараптардың осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауына және міндеттемелерді орындау мерзіміне әсерін бағалау қамтылуы тиіс. Сондай-ақ, осы Шарт бойынша міндеттемелерді ықтимал орындау мерзімін көрсету қажет. Хабарламаның жіберілмеуі немесе уақтылы жіберілмеуі салдарынан келтірілген залалдарды олардың туындауына жол берген Тарап өтеуге міндетті.

7.4. Тарап осы мән-жайлардың тоқтатылғаны туралы екінші Тарапқа 2 (екі) айдан кешіктірмей жазбаша нысанда хабарлауы тиіс.

7.5. Егер еңсерілмейтін күш мән-жайларының әсеріне ұшыраған Тарап осы Шартта регламенттелген, осы мән-жайлардың болуын куәландыратын құжаттарды жібермесе, онда мұндай Тарап оны осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босататын негіз сияқты мән-жайларға сілтеме жасау құқығынан айырылады.

7.6. Тараптың осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындау мерзімі еңсерілмейтін күш мән-жайлары, сондай-ақ осы мән-жайлардың салдарынан келтірілген зардаптар болған мерзімге сай кезеңге шегеріледі. 2 (екі) айдан артық уақытқа созылған еңсерілмейтін күш мән-жайлары және олардың салдарлары ұзартылған жағдайда, Тараптар осы Шарттың талаптарына сәйкес бұл туралы жазбаша хабардар ете отырып немесе осы Шарттың талаптарына сәйкес осы Шартты орындау тәсілдерін айқындау үшін қосымша келіссөздер жүргізе отырып осы Шартты сот төрелігі органдарына жүгінбей бұзуға құқылы, бұл ретте міндеттемелерді (төлем жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда) орындау мүмкін болмағандықтан олар тоқтатылады.

8.ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ

8.1. Осы Шарт бойынша Тараптар арасындағы дауларды шешуді реттеу сотқа дейінгі тәртіппен келіссөздер жүргізу жолымен жүзеге асырылады.

8.2. Тараптар дауды сотқа дейін реттеудің міндетті тәртібін айқындады:

8.2.1. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған Тарапқа жазбаша нысанда Шағым жолдайды және осы Шарт бойынша міндеттеме орындалған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде екінші Тараптың уәкілетті тұлғасы оған тиісті түрде қол қояды.

8.2.2. Шағымның мазмұны: негізгі талаптар, сома және соманың негізделген есебі (егер наразылық ақшалай бағалауға жататын болса); талаптар негізделетін мән-жайлар және оларды растайтын дәлелдемелер; наразылыққа қоса берілетін құжаттар мен өзге де дәлелдемелердің тізбесі; дауды реттеуге қажетті өзге де мәліметтер.

8.2.3. Шағымды қарау мерзімі алынған күннен бастап 14 (он төрт) күн ішінде жүзеге асырылады, Шағым берген Тарап қарау нәтижелері туралы жазбаша нысанда хабарлайды. Шағым берген Тарап жауап ретінде міндетті түрде шешімнің қабылдану себептерін көрсетеді және дауды реттеу жолдарын ұсынады.

8.2.4. Шағымды қарау үшін қажетті құжаттар қоса берілмеген жағдайда, Шағым түскен күннен бастап 5 (бес) күн ішінде Шағым берген Тараптың 2 (екі) күн ішінде қоса берілетін құжаттарды ұсынуына сұрау салынады. Құжаттар көрсетілген мерзімге дейін алынбаған жағдайда, Шағым қолда бар құжаттардың негізінде қаралады.

8.3. Тараптар келісімге келмеген жағдайда дау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының сот органдарында шешіледі.

9.ШАРТТЫ ӨЗГЕРТУ, БҰЗУ ТӘРТІБІ

Тараптар Шарт бойынша Тараптар төменде аталған кез келген нысанда хабарламалармен және (немесе) сұрау салулармен алмаса алатыны туралы келісімге келді:

9.1.1. міндетті түрде тіркелетін пошта жөнелтілімімен (тапсырыс хатпен) немесе жөнелтуші хабарламасының данасында алушының қолхатымен қолма-қол пошта арқылы жіберілетін қағаз жеткізгіштерде.

9.2. қағаз тасығыштарды қолданбай электрондық пошта арқылы жіберілетін хабарламалар арқылы:
– Орындаушының атынан Тапсырыс берушімен байланыс жүзеге асырылатын домендік атауы info@prodengi.kz электрондық мекенжайынан;
– Орындаушының Сайтында тіркелген кезде көрсетілген электрондық мекенжайдан Тапсырыс берушінің атынан, Орындаушы оны сәйкестендіру үшін Тапсырыс берушінің электрондық пошта мекенжайын алады.

9.3. Электрондық пошта арқылы хабарлама нысанында жолданатын хабарлама және (немесе) сұрау салу мыналарды қамтуы тиіс:
– хабарлама мәтінінде – хабарлама және (немесе) сұрау салу тақырыбы,
– хабарлама мәтінінде – сұрау салуды қарау үшін қажетті ақпарат немесе ұсынылған хабарламаны түсінуге жеткілікті ақпарат. Тараптар өзге электрондық мекенжайлардан жіберілген хаттар жоғарыда сипатталған нысандардан өзгеше түрде қаралмайды деген қорытындыға жеке келді.

9.4. Тараптар Орындаушының өз қалауы бойынша Шартты, оның ішінде Қызметтерді көрсету шарттарын және (немесе) тәртібін, Қызметтердің көлемін, санын және (немесе) жиынтығын, олардың құнын өзгертуге және (немесе) толықтыруға құқылы екендігі туралы келісімге келді. Бұл ретте:
– Мұндай өзгертулер және (немесе) толықтырулар туралы Тапсырыс берушіні хабардар ету кез келген жалпыға қолжетімді тәсілмен, оның ішінде ақпаратты Сайтта орналастыру және (немесе) Тапсырыс берушіге электрондық пошта арқылы хабарлама жіберу арқылы өзгертулер және (немесе) толықтырулар күшіне енгенге дейін кем дегенде 3 (үш жұмыс күні бұрын) жүзеге асырылады. Тапсырыс беруші Шартқа енгізілетін өзгерістермен және (немесе) толықтырулармен келіспеген жағдайда, олар күшіне енгенге дейін бұл туралы Орындаушыны жазбаша хабардар етуге және (немесе) қызметті пайдалануды тоқтатуға міндетті. Тараптар Тапсырыс беруші тарапынан мұндай жазбаша хабарламаның болмауы оның Орындаушы ұсынған Шартты өзгертулермен және (немесе) толықтырулармен келісімі ретінде қаралатынымен келісті. Шарт Орындаушының хабарламасында көрсетілген сәттен бастап және оның негізінде Шартқа қандай да бір қосымша келісімдерге қол қойылмай өзгертілген және (немесе) толықтырылған болып есептеледі;
– Тіркелген пайдаланушы Шартта регламенттелген тәртіппен Акцепт жасаған кезде Тапсырыс беруші Шартқа қосылған кезде Орындаушы Шарт талаптарын сақтау және жаңғырту мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында Тапсырыс берушіге Сайттың «Жария шарт» бөліміндегі «жүктеу» батырмасының көмегімен Тапсырыс берушінің бағдарламалық-техникалық құралына Акцепт жасау кезінде Шарттың мәтінін жазуды жүзеге асыру мүмкіндігін береді.
– Шарттың қолданыстағы редакциясы Орындаушының Сайтында «Жария шарт» бөлімінде орналастырылады және Тапсырыс беруші оның өзгертілуіне және (немесе) толықтырылуына байланысты оның талаптарымен үнемі танысуға міндеттемені өзіне алады. Тапсырыс берушінің Орындаушының келісімінсіз Шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін Шарт бойынша құқықтар мен міндеттерді үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ. Орындаушы Шарт бойынша құқықтар мен міндеттерді басқа тұлғаға беруге құқылы.

9.5. Орындаушы тарапынан техникалық ақаулар туындаған кезде Шартты бұзуға мүмкін. Мұндай жағдайда қаражатты толық қайтару 7 жұмыс күніне дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.

10.ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

10.1. Шарт, сондай-ақ Шарттың орындалуына байланысты туындайтын барлық құқықтық қатынастар реттеледі және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түсіндіруге жатады.

10.2. Осы Шарттың талаптарын қабылдай отырып, кейбір құжаттарды жеке әзірлеу қажет болғандықтан, Тапсырыс беруші Орындаушының Сайтында ұсынылған құжаттардың үлгілері Тапсырыс берушінің мүдделеріне толық сәйкес келе бермейтінімен келіседі.

10.3. Шарт осы Шарттың 1.3.-тармағында баяндалған Акцепт жасалған сәттен бастап күшіне енеді және Тараптар өзіне қабылдаған міндеттемелерді толық орындаған сәтке дейін қолданылады. Шарт Келушілер немесе Пайдаланушы болып табылмайтын, бірақ Тапсырыс берушінің атымен Сайтқа кіру нәтижесінде құқықтары мен мүдделеріне әсер етуі мүмкін үшінші тұлғалардың құқықтары мен мүдделеріне байланысты қатынастарға да қолданылады.

11. МЕКЕНЖАЙЫ МЕН ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ

Орындаушы:

«Про деньги» ЖШС,

Мекенжайы: 050023, Алматы қ.,

Нұр Алатау шағын ауданы, Е. Рахмадиев көшесі, 25а,

БИН: 170940022175,

ЖСК: KZ246017131000023220,

Банк: «Халық Банк» АҚ,

БСК: HSBKKZKX,

БеК: 17