menu
public-image

Құпиялылық саясаты

Prodengi.kz пайдаланушылары ақпаратының құпиялылығы

Құпиялылық саясаты біз жинайтын немесе бізге автономды режимде немесе интернет-байланыс арқылы берілетін барлық дербес деректерге, соның ішінде біздің сайт https://prodengi.kz (әрі қарай сайт) арқылы, біздің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларымыз: https://vk.com/prodengi_kz , https://www.facebook.com/prodengi.kz , https://t.me/prodengikz, https://twitter.com/prodengi_kz , https://www.instagram.com/prodengi.kz/ , , арқылы, сондай-ақ электрондық пошта және/немесе sms-хабарламалар, сондай-ақ сауалнамалар арқылы пайдаланушыларға жіберілетін хабарламалар арқылы жинау немесе беру жүзеге асырылатын дербес деректерге қатысты.

Сайтқа кіре отырып, Пайдаланушы осы Құпиялылық саясатындағы рәсімдерді қабылдайды және олармен келіседі. Осы Құпиялылық саясатының қандай да бір шарттарымен келіспеген жағдайда сайтты пайдаланбауыңызды және ешқандай дербес деректерді ұсынбауыңызды сұраймыз.

Дербес деректер

Дербес деректер – пайдаланушыны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін деректер немесе ақпарат компоненттері, оған мыналар кіреді:

  • ТАӘ;
  • ЖСН;
  • пайдаланушының аты;
  • телефон нөмірі;
  • электрондық пошта мекенжайы;
  • пайдаланушының сауалнамасындағы сурет немесе фотосурет;
  • әлеуметтік желілердегі есептік жазбасының сәйкестендіргіші;
  • бүркеншік аты;
  • сатып алушының дағдысы;
  • қызығушылықтары;
  • тұрғылықты елі;
  • IP-мекенжайы;
  • браузерлер мен құрылғылар туралы ақпарат;
  • сервердің жүйелік журналынан ақпарат;
  • cookie-файлдар, пикселдік тегтер және өзге де технологиялар көмегімен жиналатын ақпарат;
  • Қосымшаларды пайдалану туралы деректер;
  • демографиялық деректер және пайдаланушылар ұсынатын өзге де ақпарат;
  • орналасқан жері туралы ақпарат;
  • жиынтық ақпарат.
Дербес деректерді жинау.
  • Сайт арқылы: мысалы, пайдаланушы Жеке кабинетті тіркеудің жаңалық жіберілімдеріне жазылу кезінде
  • Автономды режимде: мысалы, пайдаланушы Техникалық қызметке жүгінген кезде, Кері байланыс нысанын толтырған кезде және т. б.
  • Басқа дереккөздерден: мысалы, жалпыға қол жетімді мәліметтер базасы; әлеуметтік платформалар
  • Браузер немесе пайдаланушы құрылғысы арқылы: белгілі бір ақпарат көптеген браузерлерде немесе автоматты түрде пайдаланушы құрылғылары жиналады. Біз мұндай ақпаратты статистика мақсатында, сондай-ақ сайттың тиісті түрде қолданылуын қамтамасыз ету үшін пайдаланамыз
  • Серверлердің жүйелік журналдары арқылы: пайдаланушының IP-мекенжайы интернет-қызметтерді жеткізуші пайдаланушылардың компьютерлеріне немесе құрылғыларына автоматты түрде тағайындайтын нөмір түрінде болады. IP-мекенжайы пайдаланушы сайтқа кірген сайын, кіру уақыты мен пайдаланушы ашқан беттер туралы ақпаратпен бірге ашылады және біздің серверлердің жүйелік журналдарына автоматты түрде енгізіледі.
  • Cookie-файлдардың көмегімен: cookie-файлдар веб-серверге деректерді компьютерге немесе тіркеу үшін және басқа мақсаттармен құрылғыға беруге мүмкіндік береді. Cookie-файлдардың көмегімен ақпаратты жинауға рұқсат бергісі келмейтін пайдаланушы браузерлердің көпшілігінде қарастырылған және cookie-файлдарды пайдаланудан бас тартуға мүмкіндік беретін қарапайым баптау рәсімін пайдалана алады. Біз пайдаланатын cookie-файлдар және оларды пайдалану мақсаттары туралы мәліметтерге қол жеткізу үшін біздің Сookie-файлдарды пайдалану саясатына жүгінуіңізді сұраймыз. Осы сайтты пайдалануды жалғастыру пайдаланушының көрсетілген шарттарды қабылдағанын және біздің cookie-файлдарды пайдалануға келісім беруін куәландырады.
  • Пайдаланушыдан: туған күні, жынысы, сондай-ақ пайдаланушы үшін ыңғайлы хабарлама құралы сияқты өзге де ақпарат; мұндай ақпаратты пайдаланушы ерікті түрде берген кезде жинақталуы мүмкін.
  • Физикалық орналасқан жері: біз пайдаланушы құрылғыларының физикалық орналасқан жері туралы мәліметтерді жинай аламыз.

Кейбір жағдайларда біз сайт арқылы төленетін төлемдерді өңдеу үшін үшінші тарап ұйымдарды тарта аламыз. Бұл ретте пайдаланушының Дербес деректерін біз емес, осы ұйымдар жинай алады және оларға осы Құпиялылық саясаты емес, осындай ұйымдардың құпиялылық саясаты қолданылатын болады.

Біздің пайдаланушыларымыздың Дербес деректерін осындай үшінші тұлғалардың пайдалануына немесе жария етуіне байланысты ешқандай бақылау жасамаймыз және ешқандай жауап бермейміз.

Біз Дербес деректерді келесі мақсаттарда пайдаланамыз:
  • пайдаланушылардың сұрау салуына жауап беру және олардың жаңалық жіберілімдерін жөнелту, сұрақтарға жауап беру және пайдаланушылардың пікірлері сияқты сұрау салударды орындау үшін;
  • пайдаланушыларға әкімшілік ақпаратты, мысалы, сайт туралы және біздің шарттар мен саясаттың өзгеруі туралы ақпаратты жіберу үшін. Пайдаланушылар мұндай хабарламаларды алудан бас тарта алмайды, өйткені олардағы ақпарат сайтты пайдалану үшін маңызды болуы мүмкін;
  • пайдаланушыларға жаңартулар беру және оларға өнімдерімізге, жарнамалық акцияларымызға және бағдарламаларымызға қатысты хабарламаларды жіберу сондай-ақ оларға арнайы бағдарламаларға қатысуға шақырулар жіберу үшін;
  • біздің қызметімізді талдау және оны басқару, маркетингтік зерттеулер, аудит, жаңа өнімдерді әзірлеу, сайтымызды жетілдіру, өнімдеріміз бен қызметтерімізді жақсарту, пайдалану тенденцияларын анықтау, біздің жарнамалық кампанияларымыздың тиімділігін анықтау, пайдаланушылардың сайтпен жұмыс жасау тәртібін ескере отырып, сайт атқарымдары мен мазмұнын бейімдеу, сондай-ақ пайдаланушылардың қанағаттану дәрежесін бағалау және оларға қолдау көрсету (соның ішінде пайдаланушыларда туындаған мәселелерді жою).
  • браузер немесе пайдаланушының құрылғысы арқылы жиналған ақпарат статистиканы қалыптастыру мақсатында, сондай-ақ сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін пайдаланылады;
  • cookie-файлдарды пайдалану мақсаттары туралы мәлімет алу үшін біздің cookie-файлдарды Пайдалану саясатына жүгінуіңізді сұраймыз;
  • біз пайдаланушының құрылғысының физикалық орналасқан жері туралы деректерді алынған мәліметтерге сүйене отырып, оған жеке қызметтер мен мазмұн беру үшін пайдалана аламыз. Біз сондай-ақ пайдаланушыға жекелендірілген мазмұнды ұсыну және жарнамалық науқандардың тиімділігін зерттеу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін маркетингтік қызмет бойынша пайдаланушының құрылғысының физикалық орналасқан жері туралы ақпаратты, ол қарап шыққан жарнама туралы деректерді және бізде жинақталған өзге де деректерді серіктестерімізбен бөлісе аламыз;
Дербес деректерді қорғау.

Біз қолымызда бар Дербес деректерді қорғау үшін ақылға қонымды ұйымдастырушылық, техникалық және әкімшілік шараларды қолданамыз. Өкінішке орай, деректерді Интернет желісі және деректерді сақтау жүйелері арқылы беру деректердің толық қорғалуына кепілдік бере алмайды.

Егер пайдаланушының өзара әрекеттесуі қорғалмаған деп санауға себептері болса (мысалы, пайдаланушы бізде қандай да бір есептік жазбаны қорғауға қауіп төніп тұр деп санайды), бұл мәселе туралы Техникалық қолдау бөліміндегі байланыс нысаны арқылы бізге дереу хабарлауыңызды сұраймыз.

Дербес деректерге қол жеткізу, оларды өзгерту және пайдалану нұсқалары.

Біз пайдаланушыларға олардың маркетингтік мақсаттағы Дербес деректерін пайдаланудың және ашудың көптеген нұсқаларын ұсынамыз.

  • Егер қандай да бір сәтте пайдаланушы біздің маркетингтік хабарламаларымызды алуды тоқтатуды шешсе, бұл Техникалық қолдау бөлімі арқылы жүгіну көмегімен оңай жүзеге асырылады. Өз сұрау салуыңызда біздің маркетингтік хабарламаларды алудан бас тартқаныңыз туралы хабарлауыңызды сұраймыз.
  • Бұдан бөлек, біз пайдаланушыдан оның дербес деректерін көрсетілген мақсатпен үшінші тұлғаларға жария етпеу туралы тиісті сұрау салуды алған және өңдеуден өткізген жағдайда тікелей маркетинг мақсаттары үшін Пайдаланушының дербес деректерін үшінші тұлғаларға (оның ішінде біздің еншілес кәсіпорындарымызға) ашпаймыз. Мұндай сұрау салуды техникалық қолдау бөлімі арқылы жіберуге болады. Өз өтінішінде пайдаланушы оның Дербес деректері тікелей маркетинг мақсатында біздің еншілес кәсіпорындарымызға және (немесе) өзге де үшінші тұлғаларға ашуға жатпайтынын нақты көрсетуі тиіс.

Сұрау салу бойынша өзгертулер бірден енгізілмейтінін ескеруіңізді сұраймыз. Біз пайдаланушылардың сұрау салуын ақылға қонымды қысқа мерзімде, бірақ өтінішті алғаннан кейін 30 күннен аспайтын мерзімде орындауға тырысамыз. Сондай-ақ, пайдаланушы біздің маркетингтік хабарламаларымызды алудан бас тартқан кезде, біз әлі де пайдаланушыға маңызды әкімшілік хабарламалар жібере алатынымызды ескеруіңізді сұраймыз.

  • Пайдаланушы ұсынған Дербес деректерді пайдалануымызды өзгерту, түзету, жаңарту, жасыру, жою және өзге де шектеу үшін бізге сұрау салуды нақты баяндай отырып, Техникалық қолдау нысаны арқылы хабарласуыңызды сұраймыз. Сұрау салуда қандай ақпаратты өзгерту керектігін нақтылауыңызды, біздің дерекқорымыздан Дербес деректерді жасыру ниетіңіз туралы, сондай-ақ Дербес деректерді пайдалануымызға қатысты басқа да шектеулер туралы бізге хабарлауыңызды сұраймыз.

Біз мұндай сұрау салуды ақылға қонымды қысқа мерзімде орындауға күш саламыз. Біздің тырысқанымызға қарамастан, біздің дерекқорларымызда және басқа құжаттарда жойылмайтын немесе өзгертілмейтін ақпарат үзіктері қалып қоюы мүмкін екенін ескеруіңізді сұраймыз.

Үшінші тарап сайттары

Осы Құпиялылық саясаты дербес деректер мен ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету рәсімдеріне, сондай-ақ сайтта сілтемелері бар үшінші тарап сайттарының қызметін қамтамасыз ететін үшінші тұлғаларды қоса алғанда, үшінші тұлғалардың өзге де рәсімдеріне қолданылмайды және біз үшінші тарап сайттарындағы пайдаланушылардың ақпаратының құпиялылығы үшін жауап бермейміз. Сайтта үшінші тарап сайттарына сілтемелердің көрсетілуі біздің немесе біздің үлестес тұлғаларымыздың мұндай сайттарды мақұлдауымызды білдірмейді.

Деректерді сақтау мерзімі

Біздің пайдаланушылардың Дербес деректерін сақтау осы Құпиялылық саясатында баяндалған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті мерзім ішінде жүргізіледі.

Кәмелетке толмағандардың сайтты пайдалануы

16 мен 18 жас аралығындағы пайдаланушылар осы Құпиялылық саясатының шарттарымен ата-аналарымен немесе қамқоршыларымен бірге танысуы және осы шарттарды түсінуі керек. Біз пайдаланушылардың жасын анықтауға жауапты болмасақ та, тиісті тексерулерді жүргізе аламыз. Егер біз жинаған ақпарат ата-анасының келісімінсіз 16 жасқа толмаған тұлғадан алынғанын білсек, біз мұндай ақпаратты ақылға қонымды қысқа мерзім ішінде жоямыз.

Жабық ақпарат

Біз әдетте пайдаланушылардан бізге жабық сипаттағы дербес деректерді (мысалы, саяси, діни және өзге де нанымдарға, денсаулық жағдайына, ауруларға, қылмыстық өткенге, кәсіподақтарға мүшелікке қатысты мәліметтерді) жібермеуін және жария етпеуін сұраймыз. Белгілі бір жағдайға, мысалы, сақтандыру өтеліміне байланысты сұрау салу бойынша, біз пайдаланушыларға ұқсас ақпаратты қорғалған түрде беру тәртібі туралы түсіндіреміз.

Осы құпиялылық саясатының жаңартулары

Осы Құпиялылық саясатына өзгертулер енгізілуі мүмкін. Осы беттің жоғарғы жағындағы осы Құпиялылық саясатына соңғы өзгертулер енгізілген күнді білдіретін «Соңғы жаңарту күні» көрсетілуіне назар аударуыңызды сұраймыз. Осы Құпиялылық саясатына енгізілген өзгертулер құжаттың жаңа редакциясы сайтта орналастырылған кезде күшіне енеді. Мұндай өзгертулер күшіне енгеннен кейін пайдаланушылардың сайтты пайдалануы олардың Құпиялылық саясатының жаңа редакциясын қабылдауын білдіреді.

Байланыс ақпараты

Осы Құпиялылық саясатына қатысты барлық сұрақтармен, пікірлермен және ескертулермен техникалық қолдауға жүгінуіңізді сұраймыз. Пайдаланушы бізге хабарлауға құқылы:

  • болашақта бізден өтініш алғысы келмейтіні туралы;
  • бізде ол туралы қандай ақпарат бар екенін білуге, ол туралы бізде сақталған дербес деректердің көшірмесін электронды түрде алуға ниеті туралы;
  • бізде сақталған Дербес деректері нақты емес, толық емес, маңызды емес немесе мәнді емес деп санайтыны туралы;
  • Құпиялылық саясатының кез келген бұзушылықтары туралы.

Осы Құпиялылық саясатына байланысты барлық сұрақтарыңызбен және шағымдарыңызбен осы сілтемені пайдалана отырып бізге хабарласуыңызды сұраймыз. Біз әрбір шағым бойынша тергеу жүргіземіз және оны алғаннан кейін мүмкіндігінше қысқа мерзімде жауап береміз.

Осы Құпиялылық саясатына толықтырулар

Осы Құпиялылық саясаты келесі жағдайлардың кез келгенінде қайта қаралуы мүмкін:

  • Қазақстан Республикасының Дербес деректерді өңдеу және қорғау саласындағы заңнамасы өзгертілген кезде;
  • Құпиялылық саясатының қолданылу саласына әсер ететін сәйкессіздіктерді жоюға ұйғарымдамаларды алған жағдайда;
  • Компания басшылығының шешімі бойынша;
  • Құпиялылық саясатының қолданылу саласына әсер ететін сәйкессіздіктерді жоюға ұйғарымдамаларды алған жағдайда;
  • ақпараттық және/немесе телекоммуникациялық жүйелердің ұйымдық құрылымын, құрылымы өзгертілген кезде (немесе жаңалары енгізілгенде);
  • Дербес деректерді өңдеудің жаңа технологияларын (оның ішінде беру, сақтау) қолдану кезінде;
  • Компанияның қызметіне байланысты Дербес деректерді өңдеу процесін өзгерту қажет болған кезде.

Осы Құпиялылық саясатындағы кез келген өзгертулер осы Құпиялылық саясаты сайтта жарияланған сәттен бастап күшіне енеді. Сіздің осындай өзгертулерден кейін сайтты пайдалануыңыз өзгертілген Құпиялылық саясатын қабылдағаныңызды білдіреді.